АймақҚарағанды

Қабілетті жастың бәсі биік

Бүгінгі таңда облыс деңгейінде жас мамандарды мемлекеттік қызметке тарту жұмыстары қарқынды жүруде. Биыл алғаш рет өткізілген Өңірлік кадр резервіне іріктеу жас басқарушылардың өңірлік пулын қалыптастырмақ.

Сурет: depositphotos.com

Өңірлік резервке алынған адамдар сайланатын лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналаса алады. Кадр резервінің мүшесі болу үшін үміткерлер осы уақытқа дейін 5 кезеңнен тұратын кешенді іріктеуден өтті. Өңірлік резервке қызығушылық танытқан азаматтардың 244-і заңнаманы білуге арналған тестілеуге жіберілді.

– Қазіргі таңда мемлекеттік аппаратқа білімді, еңбекқор, елге қызмет етуді өзіне парыз санайтын жастар қажет. Олардың бойындағы күш-жігер мен білімді ел мүддесіне қызмет етуге бағыттау, кәсіби мемлекеттік қызметшілердің жаңа легін қалыптастыру – агенттіктің стратегиялық міндеттерінің бірі. Заңнаманы білуге арналған іріктеудің 2-ші кезеңін 180 қатысушы сәтті тәмамдап, тестілеудің екінші блогына 93 қатысушы жолдама алды. Азаматтардың 91-і тестілеуге қатысты. Іріктеу кезеңін жоғарғы көрсеткішпен тәмамдаған 43 үміткер іріктеудің 4 кезеңіне жолдама алды. Құрылымдық сұхбат кезеңінде 43 үміткер өз жобаларын презентациялау бойынша қорғап шықты. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым, өңірдің экономикасы мен әлеуметтік саласын дамыту бойынша өзекті және қызықты жобалар ұсынды, – деп атап өтті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Жандос Сәрсен.

Үздік жұмыстар қатарында Qarmet компаниясы қызметкерлерінің тыныс-тіршілігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлік-логистика орталығы, Теміртау қаласының жылу жүйелерін оңтайландыруға бағытталған жобалар бар. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы жерлерінің пестицидтермен ластану процессін шешу мақсатында жүйелік автоматтандыру жобалары танылған.

Бүгінгі таңда жоба кезеңдері қорытындысымен өңірлік резервке 25 азамат алынды. Олардың резервте тұру ұзақтығы – 2 жыл.

Аяулым СОВЕТ,
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button