АбайАймақ

Абайлықтар да мерекені атап өтті

Бүгін Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі Абай қаласында да аталып өтті.

Сол күні елімізді мекендейтін  қазақ,орыс,неміс,татар,чешен,корей,тағы да басқа халықтардың ұлттық киімдерін киген абайлықтар қаланың орталық көшесімен шерулеп өтіп,аудандық Мәдениет үйінің алдындағы алаңға келіп тоқтады.

   Мұнда Абай ескерткішінің алдында сахна құрылып,алаңдағы сауда сөрелерінде ұлтық тағамдар мен қолөнер бұйымдары сатылып,алаңда балалар асық атып жатты.

   Мерекеге жиналған қалың көпшілікті Абай ауданының әкімі Сәбит Оспанов құттықтап: Дана халқымыз

“Бірлік барда тірлік те бар” дегендей,біздің Абай ауданында да сан ұлт өкілдері тату-тәтті,бірлік пен ынтымақта өмір сүріп,бірлесе еңбек етуде.Осы бағалы байлығымыз бен құндылығымыз баянды болып,еліміз өркендей берсін! – деді.

   Бұдан кейін сахна төрінен жергілікті өнерпаздар өнер көрсетті.Яғни аудан халық аспаптар ансамблі Құрманғазының “Балбырауын”,Нұрғиса Тілендиевтің “Ата толғау” күйлерін тартып,Айсұлу Әділбекова “Алтыным”,”Аққулар” әндерін оркестрдің сүйемелдеуімен әуелете шырқап,”Дидар” үлгілі би ансамблі “Қамажайды” мың бұрала биледі.Сондай-ақ аудандағы этномәдени бірлестіктердің мүшелері де өз өнерлерін ортаға салып,алаң толы халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Ержан ИМАШ,

Абай ауданы

Суреттер автордан

Басқа материалдар

Back to top button