Ресми
Абайлықтар да белсенді
Абай ауданында да Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауы белсенді өтуде.
Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Нина Сергееваның айтуынша, таңертеңгі сағат 10-00-ге дейін аудан бойынша тіркелген сайлаушылардың 6467-і, яғни 16,5 пайызы дауыс берген.
Соның ішінде Құлайғыр ауылында тұратын ең қарт сайлаушы, 102 жастағы Сәбила Орманбаева да өзі тіркелген №442 сайлау учаскесіне өз аяғымен барып, дауыс берді. Аудандағы сайлау барысын барлық деңгейдегі үміткерлердің сенімді өкілдері мен партиялар, қоғамдық бірлестіктер байқаушылары қадағалауда. Сондай-ақ, ОБСЕ өкілдері де аудандағы сайлау учаскелерін аралап, бұл саяси науқанның өту барысымен танысуда.
Ержан ИМАШ,
Абай ауданы.
Оrtalyq.kz