Абайлық тұрғын экоакцияға шақырды
Абай ауданында еріктілер мен жастардың күшімен экосенбілік жалғасуда. Абайлық белсенді тұрғын Виктория Стрижко аудан тұрғындарын экоакцияға белсене қатысуға шақырды.
Абайлықтар сенбілікті үйдің кіреберісінен бастаған еді. Ауланы, балалар ойын алаңын қоқыстан тазартты. Кейін осы маңайдағы талдарды суғарды. Аудан тазалығы үшін күллі аудан тұрғыны сенбілікке шықты. Бұл қатарда абайлық белсенді тұрғын Виктория Стрижко тұрғындарды осы акцияға белсене қатысуға шақырды.
– «Таза Қазақстан» акциясының басталғанына төрт апта болды. Осы акцияда абайлықтар да белсенділік танытып отырғанын көруге болады. Мен де осы акцияға белсенді қатысудамын. Себебі, қоршаған ортаның тазалығы – маңызды. Әлемді бірге қоқыстан тазартайық, – деді ол.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz