АбайАймақ

Абайлық имамдар баспаналы болды

ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің бастамасымен “Зекет және қайырымдылық” қорының “Ел үлесі – пәтерге” жобасы аясында Абай қаласындағы мешіт имамдарына 3 жаңа қызметтік пәтердің кілті тапсырылды.

Сурет ұйымдастырушылардан

Бұл екі пәтерлі жеке үйлерді мешіт жанынан жеке кәсіпкерлер Ғабит Оспанбеков пен Амангелді Шақаманов, Айдар Алданыш салып беріп, олардың ішін тұрмысқа қажет жиһаздармен жабдықтаған. Соған қоса осы үйлердің іргесінде ерлер мен әйелдердің сауат ашу орталығы да бой көтерді.
Абай мешітінің екі наиб имамы мен тағы бір имамына осы жаңа баспаналарының кілтін тапсыру салтанатында облысымыздың бас имамы Естай Айтуғанұлы мен республикалық “Зекет және қайырымдылық” қорының өкілі Сәтбек Мақсұтұлы сөйлеп, қоныс иелерін құттықтады.

Ержан ИМАШ
Абай ауданы

Басқа материалдар

Back to top button