Абайдың алғаш басылған кітабы музей қорына табысталды
Ертіс ауданынының тұрғыны, зейнеткер Нұрболат Әутәліповтің қолында Абайдың араб тіліндегі шыққан алғашқы жинағы бар. Жинақтың жарыққа шыққанына ғасырдан астам уақыт өтсе де көзінің қарашығындай сақтап келген. Ол ендігі кезекте құнды жәдігерді Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейіне табыстады, деп хабарлайды Оrtalyq.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап.
– Бұл жәдігер атамнан мирасқа қалған. Шынында да Абайдың кітабы ма, не туралы жазылғанын білейін деп сол кездегі аудан мешітінің имамына оқыттым. Ол кісі қарады да, «Иә, бұл байдың кітабы. Оны дұрыстап сақта» деп айтты. Сосын Крыловтың, Лермонтовтың, Пушкиннің аудармалары және өзінің өмірбаяны бар екен. Араб тілі мамандарының айтуынша, кітапты тыңғылықты зерттеу қажет. Бұл кітап Байтұрсыновтың еңбектеріндегідей, қадим қарпімен жазылған. «Қазақ әдебиеті үшін құнды материалдарды салыстырып, үлкен зерттеу жасауға болады» дейді ғалымдар, – деді зейнеткер.
Араб тілінің маманы Әділбек Әмірено:
– Кітапта Абайдың күні бүгінге дейін басылып жүрген өлеңдерінің 80%-ы бар. Сонымен қатар Пушкиннен, Лермонтовтан аударған аудармалары жақсы берілген. Кітап ескі «қадим» жазуымен жазылған. Қадим жазуы деп отырғанымыз, араб жазуының орта ғасырлық түрі. Кітап, негізінде жақсы сақталған. Абайдың суреті берілген. Басқа кітаптарда Абайдың суретін көрген жоқпын. Ең алғашқы рет маған осыны жібергенде, таң қалдым. 1909 жылғы Абайдың суреті бар. Енді айта кетейін, 1909 жылы Мыржақып Дулатовтың «Оян, қазағы» шықты, бірақ Орынборда – деді маман.
Бүгінде Қазақстанда осы кітаптың бес данасы ғана бар. Бірі Семейдегі Абай қорық музейінде, екіншісі – «Ғылым» акдемиясында сақтаулы. Араб-парсы жазбаларындағы сөздердің кездесуі де – бұл еңбектің басты ерекшелігі