Бас тақырып

Абайдың 180 жылдығы 10 күн бойы кең көлемде аталып өтеді

Қазақстанда ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған ауқымды шаралар легі басталады. Жоспарланған мерекелік бағдарламалар он күнге созылып, республиканың барлық өңірін қамтиды.

Сурет malim.kz

Мерейтой 1 тамызда ресми түрде «ABAY ACADEMIYASY» энциклопедиялық порталының ашылуымен басталады. Бұл бірегей цифрлық платформа Абайдың әдеби мұрасын жүйелеп, ғылыми қауымдастық пен кең аудиторияға қолжетімді етуге бағытталған. Жоба ақын шығармаларын тереңірек тануға, зерттеуге және насихаттауға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Мерейтой аясында еліміздің барлық аймағында орналасқан Абай ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімі ұйымдастырылады. Бұл тағзым рәсімі ұлы ақынға деген құрметтің символына айналмақ.

Сонымен қатар, 100-ден астам мәдени және рухани іс-шара өткізу жоспарланған. Олардың қатарында:
• Абай шығармашылығына арналған концерттер мен көрмелер;
• Ел ішіндегі ақындар айтысы;
• Жас ақындар мүшәйрасы;
• Абай мұрасын насихаттауға бағытталған әдеби кездесулер мен лекциялар бар.

Мерекелік бағдарлама Абайдың рухани әлемін жастарға кеңінен танытуға, ұлттық әдебиет пен мәдениетке деген қызығушылықты арттыруға бағытталған. Бұл күндер – халқымыздың ұлы ойшылына тағзым етіп қана қоймай, оның идеяларын бүгінгі қоғаммен байланыстыруға мүмкіндік беретін маңызды кезең болмақ.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button