Ресми

Абайдағы алапат өрт қашан ауыздықталады? – ТЖМ болжам жасады

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Абай облысындағы алапат өрт қашан толығымен ауыздықталатындығына қатысты болжам жасады.

Оның айтуынша, жағдай бақылауда, әрі тұрақты. Бірақ ауа температурасының көтерілуі мен екпінді желдің күшеюіне байланысты өрттің әрі қарай тұтану қаупі бар.

– Өртті ауыздықтау үшін жеткілікті топ құрылды. Жеке құрамнан 1,5 мыңдай адам: өрт сөндірушілер, орманды қорғау жөніндегі, қорғаныс және ішкі істер министрліктерінің қызметкерлері жұмылдырылды. Сонымен қатар 300-дей бірлік техника мен 12 тікұшақ жұмыс істеп жатыр, – деп атап өтті ведомство басшысы.

Белгілісі, қазіргі уақытта 43 мың гектардай алаңды өрт шалған.

– 60 мыңнан асқан еді, алайда жеке құрам жұмыс істеуде, өртті сөндіріп жатыр. Осылайша, жану аумағы да қысқарды. Болжам бойынша, бірнеше күн ішінде өртті ауыздықтап, сөндіруіміз керек, – деді министр.

Басқа материалдар

Back to top button