Бас тақырыпЖаңалықтар
«Абай» шахтасында 155 кенші эвакуацияланды
“Qarmet” компаниясының мәліметінше «Абай» шахтасындағы эвакуациялау жұмыстары электр қуатының өшіп қалуына байланысты жүргізілген. Кеншілердің барлық ауысымы жер бетіне шығарылған. Хабарламада кәсіпорынның орталық диспетчерлік пунктіне сигнал 7 қараша күні кешкі сағат 20:29-да түскені айтылған.
Дереу эвакуациялау жоспары жүзеге асырылып, 155 адамдық ауысым қауіпсіз жерге шығарылды. Кәсіпорынның барлық қызметтері жедел және қабылданған операциялық алгоритмдерге сәйкес жұмыс істеді, – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда электрмен жабдықтау қалпына келтіріліп, жағдайды тиісті қызметтер бақылауға алған.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ