Бас тақырыпЖаңалықтар

Абай облысының әкімі тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – деп хабарлайды ortalyq.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Сурет: Ақорда

Бұған дейін Берік Уәли Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымында болды.

Облыстың жаңа басшысы 1977 жылы қазіргі Абай облысында дүниеге келген.

Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын «Кинотанушы», әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» (магистратура), сондай-ақ Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы «Таң» телекомпаниясында «Алматы жаңалықтары» ақпараттық бағдарламасының тілшісі болып бастаған.

1998-1999 жылдары – «НТК» телеарнасында «Жаңалықтар» ақпараттық бағдарламасының шығарушы редакторы.

2000-2007 жылдары – «31 канал» телерадиокомпаниясында» «Информбюро» ақпараттық бағдарламасының бас редакторы, «Еркін сөз» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі, «Дода» саяси ток-шоуының бас редакторы әрі жүргізушісі.

2007-2012 жылдары – «Хабар» Агенттігі» АҚ Ақпараттық бағдарламалар дирекциясы жаңалықтар қызметінің тілшісі, «Бетпе-бет» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының жүргізушісі.

2009-2012 жылдары – «Нұр Отан» партиясы «Нұр-Медиа» ЖШС Жемқорлыққа қарсы медиа-орталығының басшысы.

2012-2015 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппарат басшысының орынбасары – баспасөз қызметінің жетекшісі, Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы.

2015-2016 жылдары – «Нұр-Отан» партиясы Төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі.

2016-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі, Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры.

2017-2018 жылдары – «Қазақстан» ұлттық телеарнасы «1-студия» қоғамдық-саяси ток-шоуының жүргізушісі.

2018-2019 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы.

2019-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы.

2022-2023 жылдары – «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы.

2023 жылғы 12 қыркүйекте Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалған еді.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының (2011), «Парасат» (2024), «Құрмет» (2019) ордендерінің, ҚР Президенті Алғысының (2021), ҚР Президенті Әкімшілігінің «Мінсіз қызметі үшін» төсбелгісінің (2022) және 5 мерекелік медальдың иегері.

Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button