Жаңалықтар
Абай облысындағы өртте Қарағандыдан барған арнайы көлік жанып кетті
Абай облысындағы орман өртін сөндіру кезінде Қарағандыдан барған өрт сөндіру машинасы өртеніп кетті.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сəйкес, Талица ауылы маңында көлікті от шарпыған. Жеке құрамның құтқарушылары зардап шеккен жоқ.
Айта кетейік, Абай облысындағы өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, ЖАО және Қорғаныс министрлігінен 1 500-ге жуық адам, 300 астам техника жұмылдырылған. Бұдан бөлек 14 тікұшақ тартылды.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz