Ресми

Абай облысындағы орман өртінен қаза тапқандардың отбасына пәтер кілттері табысталды

Абай облысындағы орман өртінен қаза тапқандардың отбасына, сондай-ақ тракторшы С.Н.Архиповтың отбасына пәтер кілттері табысталды.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев қайтыс болған Саят Нұржігітов пен Амангелді Дүйсембаевтың отбасына 2 және 3 бөлмелі пәтердің кілттерін тапсырды.

– Өртте зардап шеккендердің отбасын қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар біздің тұрақты бақылауымызда. Бүгін біз тапсыратын жаңа пәтерлер барлық қажетті жиһаздармен және тұрмыстық техникамен толық жабдықталған. Біз қосымша көмек көрсетуді жалғастырамыз, – деді облыс әкімі.

Жалпы, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Абай облысында орман өрттері салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына жан-жақты қолдау көрсетіледі. Әр отбасыға 7 млн теңгеден, қосымша әр балаға 2 млн теңгеден төленеді.

Басқа материалдар

Back to top button