Абай елінен жеңіспен оралды
Қарағандыдағы №61 мектептің оқушылары Семейде өткен XXV Абай оқуларының республикалық кезеңінен жүлделі оралды.
Байқауда «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» аталымында №61 мектептің 9-сынып оқушысы Нұрғасыр Изат І орын иеленіп, алтын медаль жеңіп алды. Ал, «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» аталымындағы ІІ орын 8-сынып оқушысы Нұрайым Тағыршынға бұйырды. Жас дарынға күміс медаль және ұялы телефон табысталды.
Аталған мектептің 10-сынып оқушысы Алина Наурызбаева «Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі» аталымындағы ерекше жетістігі үшін 50 мың теңгелік ақшалай сыйлықпен және арнайы дипломмен марапатталды.
– Байқау тартысты өтті. Ұлы Абай мұрасын дәріптеуде оқушылар алдына жан салмады. Тұлға өнегесін ұлықтап, оны ұрпақтан-ұрпақққа ұлықтау – біздің парызымыз. Оқушылардың белсенділігін арттыруға арналған мұндай шаралар алдағы уақытта да жиі ұйымдастырылғаны жақсы, – дейді оқушылардың жетекшісі Дидар Төрекелдина.
Аяулым СОВЕТ,
Ortalyq.kz