АбайАймақЖаңалықтар
Абай аумағы да ажарланып қалды
Бүгін Абай ауданында өткен облыстық сенбілікке өңірдегі 180 ұжым, мекемеден 1682 адам және 35 арнайы техника қатысты.

Бұл күні аудан елді мекендері аумағының 58 гектары қыстан қалған қоқыстан арылтылып, рұқсат етілмеген сондай 12 үйінді жойылып, 552 ағаш кесіліп, барлығы 956 тонна қоқыс қалдықтары сыртқа шығарылды.



Сенбілік кезінде өңір тұрғындарымен 10 жиын өткізіліп, тазалыққа салғырт қараған тұлғаларға 10 ескерту мен ұйғарым жасалып, 2 мың теңгенің айыппұлы салынды.
Ержан Имаш,
Абай ауданы
Суреттер ұйымдастырушылардан



