Ресми

Абай ауданының прокуратурасы халықпен кездесу өткізді

Күні кеше «Тиімді көмек» акциясы аясында Абай ауданының прокуроры Мақсат Әйтімбетов аудан әкімімен бірлесіп, Абай қаласының тұрғындарымен кездесті. Жеке қабылдауға жүзден астам азамат қабылданып, оларға ауызша заңнамалық түсініктемелер берілді. Сонымен қатар, кездесу барысында материалдарды зерделеу және қадағалау шараларын қолдануды талап ететін бес жазбаша өтініш тіркелген. Әрі көпті мазалап жүрген төрт проблемалық әлеуметтік мәселе шешімін тапты.

Сурет 7-su.kz

Жалпы, биылғы жылдың басынан бері ауданның барлық ауылдық округіндегі халықпен және еңбек ұжымдарымен 10-нан астам кездесу өткізген. Солардың қатарындағы ең басты көтерілген мәселе – коммуналдық қызметтер тарифтерінің мөлшері және олардың сапасы еді. Одан бөлек, жергілікті маңызы бар жолдардың жай-күйі, әлеуметтік көмек алу мүмкіндігі, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау, жайылымдардың болмауы сынды күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесу қорытындысына сәйкес, ашық диалог пен кездесулер арқылы халықтың проблемалық мәселелерін шешу жөніндегі іс-шаралар тұрақты негізде жалғасатын болды. Енді аудан тұрғындары өзекті сауалдармен аудан прокуратурасына онлайн режимінде немесе жеке өтініш арқылы жүгіне алады.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button