АбайАймақ

Абай ауданының қаржыгерлері құрметтелді

Ұлттық валюта мен Қаржыгерлер күндеріне орай Абай ауданының әкімдігінде осындағы қаржы саласының бір топ қызметкеріне құрмет көрсетіліп, марапаттар тапсырылды.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Осынау салтанат үстінде Абай ауданы әкімінің орынбасары Айдос Асқаров құттықтау сөз сөйлеп, тиісті адамдарға марапаттарын табыс етті.

Бұл жолы Абай ауданы әкімінің Құрмет грамотасы аудан ауылдық округтерінің мамандары Дәурен Әпиев, Сәбина Асқарова, Зәуреш Жәменова, Александр Наумчик, Валентина Падунина мен аудандық почта байланысы орталығының бас маманы Айымкүл Дүйсембина, аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас мамандары Жаңыл Тайтыбаева, Данил Головкин, Қазақстан халық банкі Абай бөлімшесінің бақылаушы-кассирі Наталья Сергеева, аудандық қазынашылық басқармасының бас мамандары Диана Тұрсынбаева, Сәуле Хамитова, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бухгалтері Наталья Юримге берілді.

Ал Абай ауданы әкімінің Алғыс хатын аудандық қазынашылық басқармасының бас маманы-бас қазынашысы Айтолқын Бубархан мен Абай спорт клубының бас бухгалтері Тамара Корсакова алды.
Соңынан марапатталғандардың бәрі ескерткіш суретке түсті.

Ержан ИМАШ,
Абай ауданы

Басқа материалдар

Back to top button