Бас тақырыпЖаңалықтар

Абай ауданында жоғалған балықшы алты күннен бері іздестірілуде

Төтенше жағдайлар департаменті жоғалған балықшыны іздеу жұмыстары 6 күннен бері жалғасып жатқанын хабарлады.

Сурет: ТЖД

1960 жылы туған ер адам 20 наурыз күні Шерубай-Нұра су қоймасына балық аулауға шығып, үйіне оралмаған. Іздеу жұмыстарына төтенше жағдайлар департаментінен 10 адам, сондай-ақ олардың екі техникасы, 3 су көлігі және қашықтан басқарылатын «Гном» су асты көлігі жұмылдырылған.

Сонымен қатар, екі полиция қызметкері мен балық инспекциясының өкілі де жедел іздестіру шараларын жүргізуде.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button