АймақЖаңалықтар

Абай ауданында жем зауыты өртенді

Кеше Абай ауданы Дубовка ауылында орналасқан жем зауытында өрт болды. Оқиғаға қазандықтың ақауы себеп болған.

Сурет: ТЖД

– 9 маусым күні сағат 19:47-де Абай ауданы Дубовка ауылындағы 8 қабатты жем зауытының екінші қабатындағы май балқыту цехында өрт болды . Тілсіз жау 20:31-де ауыздықталды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығуына май дайындайтын қорытқыштың дұрыс жұмыс істемеуі себеп болған, – деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button