Абай ауданында жаңа әкім

Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Оспанов Сәбит Темешұлы Абай ауданының әкімі болып тағайындалды.

Сәбит Темемшұлы 1969 жылы туған. Екі жоғары білімі бар. 1995 жылы «Ақмола ауыл шаруашылығы институтын» зооинженер мамандығы бойынша бітірген, кейін «Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің» көлік, көліктік техникалар және технологиялар мамандығы бойынша бітірген. Академик Е.Бөкетов атындағы мемлекеттік университетінің «Құқықтану» мамандығын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1999 жылы «Мерей» АООТ конкурстық басқарушы болып бастады.

Мемлекеттік қызметте 22 жылдан астам еңбек өтілі бар.

– 2006 жылдан бастап Бұқар жырау ауданы Ботақара кентінің әкімі болды.

– 2010 жылдан бастап Абай ауданы Абай қаласының әкімі болды.

– 2013 жылдан бастап «Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.  

– 2016 жылдан бастап «Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары.

Аудан әкімі лауазымына тағайындалғанға дейін Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болған.

Оrtalyq.kz