АймақБас тақырып

Абай қаласында 13 жастағы жасөспірім жоғалды

Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2 сәуір күні Абай аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне 13 жастағы жасөспірімнің хабар-ошарсыз кеткені туралы ақпарат түсті.

Сурет ЖИ

Дереу дабыл жарияланып, Абай қалалық полиция басқармасы мен Топар полиция бөлімінің жеке құрамы толық жұмылдырылды. Алғашқы минуттардан бастап ауқымды іздестіру жұмыстары басталып, жақын маңдағы аумақтар тексеріліп, ықтимал бағыттар пысықталуда.

Іздеу шараларына Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, еріктілер және Ұлттық ұлан әскери қызметшілері тартылған. Қиын жететін аумақтарды қарау үшін ТЖД тікұшағы мен дрон қолданылып жатыр.

Қазіргі уақытта іздестіру жұмыстары жалғасуда, іс бақылауда.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button