АбайАймақ

Абай ауданы әкімдігіндегі алқалы жиын

Абай ауданының әкімі Сәбит Оспановтың төрағалығымен осында өткен алқалы жиында еліміздегі конституциялық реформалар мәселесі сөз болып, оның жобасының маңызы қаралды.

Сурет ұйымдастырушылардан

Осы тақырыпқа байланысты аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры, педагог-сарапшы, аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Перизат Әбілдина баяндама жасады. Онда ол Ата заңымыздың жаңа мәтінінінің басты идеясы ретінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновация болып отырғанын атап өтті. Бұл мемлекеттің болашағы минералды ресурстармен және табиғи байлықтармен емес, адами капиталмен және азаматтардың жетістіктерімен анықталатынын айтып, түбегейлі бетбұрыс сапалы білім, тең мүмкіндік, тұлғаның жан-жақты дамуы әділетті қоғамның негізі болатынын көрсетті.

Жиынға қатысушылар осы мәселе жөнінде өз ой-пікірлерін білдіріп,жалпы алғанда Конституциямыздың жаңа жобасын қолдап, мақұлдайтындарын танытты.

Ержан ИМАШ,
Абай ауданы

Басқа материалдар

Back to top button