АбайАймақ

Абай аудандық коалициясы мүшелері көпшілікпен кездесуде

Абай ауданында құрылған “Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!” коалициясы мүшелері Қазақстан Конституциясының жаңа жобасын талқылау бойынша халықпен бірнеше кездесу өткізіп, бірінші кезекте “Шанс” шаруа қожалығында болды.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Кездесу барысында жобаның сегізінші бабы бөлек сөз етіліп, онда жер мен табиғи ресурстар халыққа тиесілі, ал оның атынан мемлекет меншік құқығын жүзеге асыратыны нақты жазылғаны айтылды.

Мұндай тұжырым жердің ел стратегиялық ресурсы ретіндегі ерекше мәртебесін көрсетеді және жеке шаруашылықтарды дамыту, ауыл өндірісіне ұзақ мерзімді инвестициялар салу үшін түсінікті құқықтық жағдайлар жасайды.Агросектор қызметкерлері үшін бұл нәтижеге күнделікті еңбек, жаңа технологияны енгізу және іске жауапкершілікпен қарау арқылы қол жеткізілетін шындық болуы тиіс.

Келесі кезекте коалиция мүшелері аудандағы Юбилейное аулының тұрғындарымен, ПИК, МИБ төрағаларымен және көппәтерлі үйлердің белсенділерімен де кездесіп, Қазақстанның жаңа Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жөнінде кеңінен түсінік беріп, оларды алдағы 15 наурызда өтетін бүкілхалықтық референдумға қатысып, өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіруге шақырды.

Ержан ИМАШ,
Абай ауданы

Басқа материалдар

Back to top button