АймақБас тақырып

Абай қаласында жоғалған баланы тапқан Әділжан Дәуренбеков марапатталды

Абай қаласында жоғалған баланы тапқан Әділжан Дәуренбеков Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы Негмет Исмагуловтың Теміртау қаласында облыс тұрғындарымен өткен есептік кездесуінде марапатталды. Оның жедел әрекеті баланың аман-есен табылуына ықпал еткен болатын.

Сурет Полиция департаменті

Теміртауда Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы Негмет Исмагулов халықпен есептік кездесу өткізіп, полиция қызметінің нәтижелерін қорытындылады. Ашық әрі мазмұнды форматта өткен жиында міндеттер айқындалды. Кездесу соңында белсенді азаматтар марапатталды.

Сурет Полиция департаменті

Полиция департаментінің бастығы Әділжан Дәуренбековтің қырағылығы мен жауапкершілігінің нәтижесінде бала аман-есен табылғанын атап өтті. Бүгінде жасөспірімнің бұл әрекеті қоғам қауіпсіздігіне қосқан нақты үлгі ретінде бағалануда. Белсенді жасты Ішкі істер министрлігінің Алғыс хатымен марапаттап, арнайы қолсағат тарту етті. 

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button