АбайАймақ

Абай қаласында 38 отбасы баспаналы болды

Бүгін Абай қаласының әлеуметтік осал топтағы 38 тұрғыны жаңа пәтердің кілтін алып, баспаналы болды.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Жалпы, Абай ауданында пәтер кезегінде тұрған осы санаттағы адамдар үшін жыл басынан бері 5 қабатты үйден 80 пәтер бөлінсе, жеке құрылыс салушылардан 129 пәтер сатып әперілген.


Енді осы жолы жайлы, жылы үйге қоныстанған Айжан Жүкенова пәтер кезегінде 10 жыл тұрып және бір үйде бірнеше отбасы өмір сүргенін, бүгін көптен армандаған кең баспанаға қолы жеткеніне шексіз қуанышты.


Ал мүгедектер қатарындағы Дидар Искаков та 8 жыл бойы үй жалдап келіп, Жаңа жылды енді жаңа пәтерінде тойлайтындарын айтады.


Жаңа пәтер иелеріне кілттерін тапсырып тұрып Абай ауданының әкімі Сәбит Оспанов бүгінгі 38 баспана да осы істі басқарып отырған Отбасы Банктің рәсімінен кейін берілгенін мәлімдеп, тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету жалғаса түсетінін атап өтті.

Ержан ИМАШ

Абай ауданы

Басқа материалдар

Back to top button