“Абай Агро” шұжықтарының халал стандартқа сәйкестігі анықталды
Кезекті тексеріс барысында кәсіпорындардағы өнімнің өндірілу барысы толық қадағаланды.

ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Амангелді Асқаров жергілікті “Абай Агро” шұжық кәсіпорнына кезекті аудит жұмыстары барысында кәсіпорын толықтай тексерістен өткенін атады.
–Кезекті тексеріс барысында кәсіпорындардағы өнімнің өндірілуінен бастап, барлық процесс толықтай қадағаланды.Дайын өнімдердің сақталуы, тасымалдануы, жеткізуші техникалық құралдардың халал стандартқа сәйкестігі, сату алаңдарында бірыңғай халал өнімдердің орналасуы, қызметкерлердің стандарт талаптарын сақтауы, санитарлық-тазалық мәселелері тексерілді. Қорытынды акт бойынша, кәсіпорында бекітілген стандарт талаптарын бұзу жағдайлары анықталмады, – де атап өтті Амангелді Асқаров.
Аяулым СОВЕТ