АймақБұқар жырау

Абайға арналған поэзиялық марафон

Қарақұдық аулындағы мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ұлы Абайдың биылғы 180 жылдық мерейтойына арналған “Абай мұрасы – халық ұлағаты” атты поэзиялық марафон өтіп, оған осындағы “Амангелді” ЖБОМ ұстаздары мен “Күншуақ” жазғы сауықтыру лагеріндегі оқушылар, жергілікті әкімдік қызметкерлері қатысты.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Бұл күні ауылдағы Әдеби аялдамада қазақ халқының ұлы ақыны туралы ақпараттық көрме ұсынылып, онда Абай Құнанбаевтің өмірбаяны, шежіресі, өлеңдері мен әндері, мерейтойлық логотипі, 45 қарлығашқа оның 45 қара сөзі жапсырылып, ілінген.

Шара барысында Қарақұдық ауылдық округінің әкімі Мирас Зәруов құттықтау сөз сөйлеп, оған қатысушылар Ұлы ақын өлеңдерінің алғашқы шумағы оқылғаннан кейін оны әрі қарай жалғастырып, жатқа айтып отырды. Сонымен бірге викториналық ойындар ойнатылып, “Абай туралы қаншалықты білесіз?” сауалнамасы жүргізілді.

Поэзиялық марафонға белсенді қатысушыларға мадақтама қағаздары тапсырылып, мәдениет қызметкерлері жиналған жұртшылыққа тәттілер таратты.

Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы

Басқа материалдар

Back to top button