Жаңалықтар

Ақынжанды ана мерейі

     «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» деген ұлы Абай. Егінді ауылындағы еңбек және тыл ардагері, 87 жастан асқан Күлжан ТҰРСЫНМҰРАТҚЫЗЫНЫҢ «Өмірден өтіп кеткен соқпақ жолы, Ойыма оралады анда-санда» атты жыр жинағының тұсаукесері туған ауылындағы мәдениет үйінде өтті.

    Жастайынан жыр-дастандарды жатқа оқып, өлең жазуға машықтанған анамыздың жинағына кейінгі жылдары жазған жырлары топтастырылған. Кітаптың тұсаукесеріне ауыл тұрғын­дары мен автордың Астана, Балқаш, Жезқазған, Ұлытау өңіріндегі туған-туыстары арнайы келіп, қуанышымен бөлісті. Жыр жинағының тұсауын ауыл әкімі Мақсұт Ахметов пен ауыл ақсақалы Манат Смағұлов кесті. Ауыл тұрғындары – мектеп мұғалімдері мен өзге де қызметкерлер мен туған-туыстары авторға ақ тілектер айтты. Мектеп оқушылары өлеңдерін жатқа оқыса, немере-шөберелері би билеп, ән салды. Ауыл әкімі мектеп, кітапхана мен мәдениет үйіне кітап­тың бір-бір данасын сыйға тартты.

    Кеш соңында ардагер ана жыр кітабын баспаға әзірлеген клуб­тың әдіскер-маманы Гүлсім Бәсі­бек­қызына, демеушілік еткен Егінді ауылдық округі әкімдігіне алғыс айтып, батасын өлеңмен өрді. Жыр кітабының тұсаукесері мәдениет үйі­нің ұжымы ұйымдастырған кон­церт­тік бағдарламаға ұласты.

Г.ЖҮНІСОВА,

Егінді мәдениет үйінің ұйымдастырушысы.

Ұлытау ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button