Ақынның бауырмалдық қасиеті
Бұл кісі – Карл Жансағымұлы, Сәкеннің нағашы жұртынан. Сәкен жөнінде айтқан әңгімесі (оның өзін тәптіштеп сұрап алдық) ақын өміріне байланысты тұңғиық сырға жетелейді. Өзі – Қаражал қаласының құрметті азаматы. Жәйрем кентінде қырық жыл мектеп директоры болған зейнеткер – еліне елеулі жан.
Әкесі – Жансағым (мұғалім екен), атасы Асқар – Сейфолланың жары Жамал шеше міздің туған ағасы. Бұл кісілердің әкесі – Алсай, Ақбурадан тарайтын атақты Тшамбай болыс, байдың тұқымы. Карл ағамыз «Сәкен туралы әңгімені шешемнен естіген едім» дейді.
«Бай тұқымының дүние-мүлкі тәркіленіп, өздері қуғынға ұшыраған кәмпеске жылдары бұл әулет түксіз қалған. Сол кезде үлкен әкелері болыстық қызметін адал атқарғаны үшін алған алтын медальді шапқымен ұсақтап, бір түйірін бір таба нанға айырбастап, жан сақтап жүр ген. Ақыры, болмаған соң, Жансағым бауыр ларын ертіп, Сәкенді іздеп Алматыға жолға шығады. Әлгі алтындарының арқасында Ал матыға жетіп, Сәкен үйін іздеп тауып, Жамал апасына жолығады. Жамал шеше міз бауырларын Сәкенге тапсырған соң, ол кісі бірін су таситын арбаға, бірін нан таси тын арбаға жұмыскер етіп, менің әкем Жанса
ғымды үйіне алып қалыпты. Сонда қолбала болып жүрген әкемізді келесі жылы оқуға түсіріп, Сәкен ата өзі сабақ беріпті. Сол үйде жү ріп, мұғалімдік курсты да бітіреді әкей. Оны тәмамдағанда Сәкен ата «осы біліммен ел ге барып нан тауып жеуге болады. Мұнда жүре берсең, ертең қырсығым тиіп кетеді, тұтқындауы мүмкін. Голощекинмен аразбын. Нағашыларымның ішіндегі жуасы сен едің, оқыттым, елге қайтқаның дұрыс» деген екен. «Біз аш-жалаңаш жүргенімізде аман сақтап, оқыт тыңыз, сізбен бірге өлуге бармын, ешқайда бармаймын» деп әкем оған көнбепті. Сөйтіп, біраз уақыт сонда жүргенімен, Сәкен
ата ұсталарына тура бір ай қалғанда болса керек, Гүлбаһрам шешемізге «Жолына ақша, тамағын беріп, мына Жансағымды еліне жібер. Енді мұнда жүре берсе құрып кетеді» деп қат ты тапсырған көрінеді. Содан Гүлбаһрам ше шеміз жолазығын арқалатып, 1-Алматы вок залынан паровозға мінгізіп жіберіпті. Елге келген әкем Жаңаарқа ауданы, Ынталы ауылында бастауыш сынып мұғалімі болып еңбекке араласады.
«Сәкен ұсталып, сотталып кеткенін әкем елден естіпбілген. Гүлбаһрам шешемізді «халық жауының» әйелі ретінде Ақмолаға жер аударғанын жансыздап анықтаса керек. Анық қай жылдары екенін білмеймін, Ақмолада қамаудағы Гүлбаһрам шешемізге тамақ апарыпты. Ол уақта біздің үй қоңданып қалған ба, мол қылып тамақ жеткізгенін айтады ше шем. Бірінші күні тамақ өткізіп, екінші күні ақша берейін десе, өткізбейтін көрінеді. Гүл баһрам шешеміз айтыпты «ертең бізді осындай жерден айдап әкетіп бара жатқанда, жолда бір түп көк ши тұрады. Сонда келіп тұр, өзім алып қаламын» деп. Әкем әлгі жерге барып тұрғанымен, қарауыл (надзирательдер) маңайлатпапты. Сонда Гүлбаһрам апай «ертең осы жерден тағы өтеміз, шүберекке түй де, ұшын шығарып қой. Күзетшілерді ши тұсына ке ліп қалғанда, алдаусыратып жақындасаң, саған алданып жүргенде іле кетермін ақшаңды» деп дауыстапты. Әкем ертеңіне апайдың айтқанын істеп, жүргіншілер ши түбіне жақындағанда, төніп берген. Қарауылдар әкемді ығыс тыруға көшкенде, апай ақшаны олжалап үл ге ріпті, әйтеуір. Бірақ, кетіп бара жатып ай тыпты: «Жансағым, айналайын, біздің үйден ішіпжегеніңді ақтадың, ырзамын. Ту ғандарыңа, балаларыңа сәлем де! Аман болыңдар!» деп кете барыпты.
Содан кейін соғыс басталған, 1943 жылы әкей қайтыс болып кетті, біз ол кісілермен хабарласып, қатыса алмадық. Кейін 1964 жылы Сәкен атаның 70 жылдығы Қа рағандыда өткенде, Гүлбаһрам шешейді сыртынан ғана көрдім» деп аяқтады ағамыз шеше сінен естіген әңгімесін.
Жазып алған Жәнібек ӘЛИМАН.