Басты тақырыпСәтбаев

«Ақындар мен сазгерлер аллеясы» ашылды

     Жуырда Сәтбаев қаласындағы Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер мәдениет сарайының қарсы бетіндегі кең аллеяға «Ақындар мен сазгерлер аллеясы» атауы беріліп, ашылу рәсімі шығармашылық тұлғалардың және қала жұртшылығының қатысуымен салтанатты жағдайда өткізілді.

    Ұлт руханиятын ұлықтау мүддесін ұстанған жиын барысында жиылған әлеуметті жағымды жаңалықпен ақжарыла құттықтаған қала әкімі Асқар Ыдырысов шаһардың дәл ортасындағы аллеяның жаңа атауды иеленуі қаламгерлердің қаламына қуат беріп, сазгерлердің шабытын шалқыта түсеріне сенім білдірді. Ол сонымен қатар, көкейде көптен жүрген көрікті ойдың сәтімен іске асырылуы жас ұрпақты рухы биік азаматтар ретінде тәрбиелеуге септігін тигізерін айрықша атап өтті.

Салтанатты рәсімде жергілікті шығармашыл қауымның өкілдері – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Мұса Тілеуов арнау өлеңін оқып, ақын Мәуия Бекмағамбетова тебірене сөз сөйледі. Олар көрсетіп отырған шынайы құрметі үшін қала басшылығына риясыз алғыс сезімдерін білдірді.

Домбыра, қобыз және қалам мен қағаздың шағын сәулеттік мүсіндері орнатылған аллеяны талапқа сай абаттандыру жұмыстарын жүргізу – алдағы жылдың еншісінде.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ

СӘТБАЕВ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button