Руханият

Ақын Руслан Нұрбайдың шығармашылық кеші өтеді

Қарағандыдағы Кеншілер мәдениет сарайында ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты Руслан Нұрбайдың 50 жас мерейтойына арналған «Үтірсіз уақыт…» атты шығармашылық кеші өтеді.

Сурет Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасынан

Кеш 18 желтоқсан сағат 18:30-ға жоспарланған. Кеш барысында арқаға белгілі ақындар жыр оқып, дүлдүлдер ән шырқамақ. Әрі танымал театр актерлары да өнер көрсетеді деп күтілуде.

Анықтама телефоны +7(705)-619-15-10; +7(705)-963-64-09 немесе 41-27-26   

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Back to top button