АймақҚарағанды

Ақын рухына тағзым етілді

Қарағанды қаласындағы Абай ескерткішіне  Абай күніне орай гүл шоқтары қойылды.

Суреттер автордан

Хакім ескерткішіне арнайы келгендер қатарында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Жұмакенов, “Ғасыр адамы”, атақты ғалым Темірғали Көкетаев, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Серік Ақсұңқарұлы, халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының иегері жазушы Төрехан Майбас, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы Сүйіндік Жанысбай және басқа да зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары бар.

Алдымен, қазақдың дүлдүл әншісі “Құрмет” орденінің иегері Сержан Мұсайын әуелете ән шырқады.

Кейін аға буын өкілдері бастап ақын рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

– Абай ақын ғана емес, ұлы кемеңгер, дара ойшыл, компазитор. Біз Абайды әлі толық тани алмай жатырмыз. Оның  шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылуы тиіс. Оның осыдан бір жарым ғасыр бұрын айтқан сөздері әлі өзекті және алдағы уақытта маңызын жоймайды. Абайдың туындыларын Абай күнінде ғана емес, үнемі насихаттау керек, – дейді жазушы Төрехан Майбас.

Жәлел ШАЛҚАР,
ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button