Ақылы жолдарға сараланған тариф енгізілмек

2019 жылдың 19 маусымынан бастам еліміздегі ақылы жолдарға сараланған тариф енгізілмек. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. 

Сараланған тариф ақылы жолдарда жедел қозғалысты қамтамасыз етіп, уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ,  көліктердің топтануына жол бермей, төлем қабылдау бекеттерінің өткізу мүмкіндігін арттырады.  

Ақылы жолдар және олардың бағасы:

Нұр-Сұлтан — Щучинск (бір бағытқа: қолма-қол — 400 теңге, алдын ала «онлайн» төлем — 200 теңге)

Нұр-Сұлтан — Теміртау (бір бағытқа: қолма-қол — 400 теңге, алдын ала «онлайн» төлем — 200 теңге)

Алматы — Қапшағай (бір бағытқа: қолма-қол — 200 теңге, алдын ала «онлайн» төлем — 100 теңге)

Алматы — Қорғас (бір бағытқа: қолма-қол — 600 теңге, алдын ала «онлайн» төлем — 300 теңге)

Қалай төлу керек:

Payway.kz Интернет-банкинг: Kaspi bank, Halyk bank, Сбербанк, Eurazian Bank, Capital Bank, АТФ Банк

Терминалдар: QIWI, Касса 24, CyberPlat, Tenge

Электронды әмияндар: Касса 24, QIWI, Wooppay, Salempay

Телефон теңгерімінен (Beeline *505# немесе Beeline, Activ, Kcell желілерінен 5505 нөміріне SMS арқылы «жол жүру», сөзімен бірге «сома» мен«мемлекеттік нөмір» деректерін жіберу)

Қосымша: KazDriver Заңды тұлғалар үшін келісімшарт қорытындысы