АймақБалқаш

Ағылшын тілін тегін үйренуде

Наурыз айында Приозерск қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «English For Jastar» жобасы аясында тегін ағылшын тілін оқыту курсы басталған болатын. Аталған жоба мектеп оқушыларының ағылшын тілін меңгеру деңгейін мектеп бағдарламасынан тыс тереңдете оқыту, бұрын түсінбеген ағылшын грамматикасын түсінікті үйретуге бағытталған.

 

Мамандардың айтуынша, оқушы мен оқу тобының белсенділігі ағылшын тілін компьютер арқылы тез меңгеруге, өзіне керекті іскерлік пен дағдыны қалыптастыруға, жеке тұлғаға қажет қасиеттерді қабылдауға, белсенді саналы жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Курс бағдарламасы жоғары сынып оқушылары мен жалпы ересек жастағы студенттерге бағытталған және қарапайым деңгейде жинақталған.

– Халықаралық стандарт бойынша ағылшын тілінің 6 деңгейі бар. Жоғарыда аталған жобаның жоспары – алғашқы негізгі 2 деңгейді жылдамдатылған интенсивті үйрету әдісімен тез әрі жеңіл меңгерту. Оқыту кестесіне сәйкес, оқыту, жазу, тыңдаумен ғана шектелмей, қызықты әңгіме-дүкен құру, сөйлеу қабілетін арнайы практикамен дамыту, күнделікті өмірде ең керек шет тілін қалай меңгеруді үйретеміз. «English For Jastar» жобасы аясында білім алған көп студенттеріміз алғысын айтып, жалғасын тапса екен деп жақсы пікірлерін айтып жатады, – дейді тегін курстың оқытушысы Шолпанай Жанылхан.

Айта кетейік, ағылшын тілін оқыту бағдарламасында әліпбиден бастап, ауызекі еркін сөйлеуге дейін үйретіледі. Бірақ, әзірге кешкі курс жоқ, тек жұмыс уақытында ғана қатысуға мүмкіндік жасалған.

Нұрдос КӘРІМ,
ПРИОЗЕРСК
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button