Ақтоғайда катодты мыс өндіру бағытындағы үш ірі жоба іске қосылды
Ақтоғай ауданы бүгінде өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік инфрақұрылым қатар дамып жатқан өңірлердің біріне айналып келеді. Аудан экономикасын әртараптандыру мақсатында табиғи гипс пен мыс кенін өндіру, құрамында мыс бар өнімдер шығару және гидрометаллургиялық әдіспен катодты мыс өндіру бағытындағы үш ірі жоба іске қосылды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша аудан басшылығы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерде оң өсім сақталғанын атап өтті. Бұл туралы брифингте аудан әкімі Абылай Аманжолов баяндады.

Оның айтуынша, базалық сала ретінде ауыл шаруашылығы негізгі тірек болып қала береді. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсіпкерлерге қолдау көрсетіліп, кооперативтер құрылып, жас кәсіпкерлер гранттарға ие болды.
Инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары да жүйелі жалғасуда. Елді мекендер орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіліп, жаңа су нысандары іске қосылды. Жолдар жөнделіп, тұрғын үй-коммуналдық жүйелер жаңартылуда. Сонымен қатар білім беру, спорт және денсаулық сақтау нысандары жаңарып, ауыл тұрғындары үшін қызметтердің қолжетімділігі артып келеді.
Жалпы, Қазақстан үшін маңызды индустриялық жобалар іске асырылып жатқан өңір ретінде Ақтоғай инвестиция тарту, бизнесті дамыту және ауылдық аумақтардың өмір сапасын жақсарту бағытында қарқынды дамуын жалғастыруда.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq,kz



