Ақтоғайда газет оқырмандарының саны артып келеді
Газеттің басты оқырманы ауылда десек қателеспейміз. Әр санын күтіп, астын сызып оқитын ауыл азаматтары әлі де бар. Тіпті, редакцияға хабарласып, әр жазылған мақалаға пікірін білдіріп жататын жанашыр жандар да баршылық.
Осындайда жергілікті әкімдердің аймақтың айнасына айналған қос газет – «Ortalyq Qazaqstan» мен «Индустриальная Караганда» басылымдарына қолдау білдіріп жүргендері бізді қатты қуантады. Мысалы, бүгін Ақтоғай ауданының әкімі Абылай Аманжолов хабарласып, аудандық мәслихаттың төрағасы Рашид Әбеуовпен бірге жергілікті «Қазпошта» бөлімшесіне барып, аталған екі газетке жазылғандарын жеткізді. Аудан басшыларының бұл бастамасы көпке үлгі боларлық іс екендігі сөзсіз.
Газет ақпарат таратушы ғана емес, елдің рухани-мәдени өркендеуіне ой қосатын бірден-бір идеологиялық құрал. Бұл сөзімізге дәлел де, мысал да келтірудің қажеті жоқ. Мысалы, Ақтоғай ауданының тыныс-тіршілігі, кешегі жетістігі мен бүгінгі жаңалығы облыстық газеттер бетінде үнемі және үзбей беріліп келеді. Мұны аймақ жұрты жақсы біледі.
– Газетке жазылу жұмыстары белсенді түрде жүріп жатыр. Аудан халқының облыстық қос газетке деген көзқарасы түзу және осы басылымдарға жазылып жатқан оқырмандар саны күннен күнге артып келеді, – деді аудан әкімі.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz