АймақАқтоғайБас тақырыпЖаңалықтар

Ақтоғай ауруханасына 6 санитарлық автокөлік берілді

Жақында Ақтоғай ауданының әкімі Абылай Аманжолов «Денсаулық сақтау саласын жаңғырту ұлттық жобасы» аясында аудандық орталық ауруханаға 6 жаңа санитарлық автокөліктің кілттерін салтанатты түрде табыс етті.

Сурет автордан 

Жаңа автокөліктер аудандық орталық аурухана мен Шашубай, Шұбартау, Қарабұлақ, Шабанбай би және Жидебай ауылдық округтеріндегі медициналық пункттерге жеткізіліп, тұрғындарға жедел әрі сапалы медициналық көмек көрсетуге қызмет ететін болады. Игі шараға аудан әкімімен қоса қоғамдық ұйым өкілдері қатысып, медицина қызметкерлерін және аудан тұрғындарына құттықтау сөзін жеткізді. Аудан басшысы жаңа автокөліктердің халыққа сапалы әрі уақытылы көмек көрсетуге зор мүмкіндік беретінін атап өтті.

Айта кетейік, аталған шара Президент тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып отыр. Бұл игі бастама ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсартуға және медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Нұрдос КӘРІМ
«Ortalyq Qazaqstan»

Ақтоғай ауданы

Басқа материалдар

Back to top button