Ақтоғай ауданының тұрғыны әйелдерге қолөнер бұйымдарын тегін тоқуды үйретеді
Ақтоғай ауданы Ақтас ауылының тұрғыны Назира Мұңайтбасова жергілікті мәдениет үйінде қолөнер үйірмесін ашты. Ол ауыл әйелдеріне заманауи тоқу техникасын тегін үйретеді.

Назира Мұңайтбасова ауыл мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Жас кезінен тоқу-тоқып, қолөнермен айналысады. Сүйікті ісін жалғастыру үшін жақында онлайн-оқытудан өтіп, сертификат алған. Тоқудың заманауи техникасын меңгергеннен кейін ол туыстары мен достарына үй тәпішкелерін, шұлық пен сөмке және басқа да көптеген пайдалы заттарды тіге бастады.

– Әр әйел қолөнерді үйрене алады. Ең бастысы – ниет болуы керек. Мәдениет үйінде осындай үйірме ашу идеясы маған күзде келді. Жергілікті әкімдікпен келісіп, клубта шағын кабинет алдым. Маған он әйел жазылды. Ең жасы 25-те болса, үлкені – 60-тан асқан. Сабағымызды демалыс күндеріне қойып, бастап кеттік. Және тігін-тігу үшін Алматыдан арнайы қажет дүниелерді сатып алдым, – дейді Назира Мұңайтбасова.

Сондай-ақ, қолдан жасалған бұйымдарды тапсырыспен тігеді екен.
– Мен ауылдық кітапханада жұмыс істеймін. Тоқуды жақсы көремін. Бұрын жүннен жасалған шұлықтар тоқығам. Енді міне, оқуға жазылдым. Жаңа әдістерді үйренгім келеді. Мұғалім өте жақсы түсіндіреді, бәрін мұқият көрсетеді. Оның оқуды тегін өткізуі – біз үшін жақсы мүмкіндік. Ауылдарда адамдардың табысы аз, сондықтан әркім оқу ақысын төлей алмайды, – дейді үйірмеге қатысушылардың бірі Нұршат Сағындықова.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.