«Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді
Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында алтын бесік Ақтоғай ауданының мәдени-рухани дамуына сүбелі үлесін қосқан қазақ журналистикасының қатепті қара нары Қасым Орынбетов ақсақал мен халықаралық, республикалық ақындар айтысының жүлдегері, «Қазақтың сары тентегі», айтыскер ақын Қуаныш Мақсұтовқа «Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы» атағы салтанатты түрде табыс етілді.
Қасым Орынбетов саналы ғұмырын қазақ журналистикасының өсіп-өркендеуіне арнаған қазыналы қария. Қаламынан туған шығармалары сыршылдығымен, шыншылдығымен ерекшеленетін қаламгер Ақтоғай аудандық «Арқа еңбеккері» газетінде бас редактор, облыстық «Жезқазған туы», «Сарыарқа» басылымдарында жауапты хатшы, бөлім меңгерушісі қызметтерін абыроймен атқарған. Сексеннің сеңгірінен асса да қоғамда болып жатқан әртүрлі құбылыстарға сергек үн қатып отыратын абыз ақсақалға жасалған құрмет – Арқа журналисикасына көрсетілген құрмет екені даусыз.
Естеріңізге сала кетейік, желтоқсан айының басында бұл мәртебелі атақты айтыстың ақтаңгері, «Алтын домбыра» иегері Мақсат Ақанов та иеленген болатын.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ