АймақАқтоғайБас тақырып

Ақтоғай ауданында жоқ жолға 328 млн теңге жұмсамақ болған

Ақтоғай ауданы прокуратурасының наразылығы бойынша ауданның Экономика және қаржы бөлімінің жалпы сомасы 328 миллион теңгеден асатын іс жүзінде жоқ «Ақжарық-Аппаз» тасжолын ағымдағы жөндеуге ашық конкурс өтпей қалған.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Жолдың бұл учаскесінде жергілікті және облыстық деңгейдегі уәкілетті органдардың балансында ешқандай жол жоқ екені анықталды.

Сонымен қатар, құрылыс-монтаж жұмыстары олар бойынша мемлекеттік сатып алулар Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы №46 бұйрығымен бекітілген «Рейтингтік-баллдық жүйені пайдалана отырып, конкурс арқылы жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің» тізбесіне енгізілген.

Осыған қарамастан, құрылыс-монтаж жұмыстары туралы хабарландыру ашық конкурс арқылы орналастырылған.

– «Автомобиль жолдары туралы» Заңның 1-бабына сәйкес автомобиль жолын ағымдағы жөндеу – автомобиль жолдарындағы төтенше жағдайлардың, ақаулардың алдын алу мақсатында жүргізілетін жұмыстар кешені болып табылады. Сонымен қатар ағымдағы жөндеу жұмыстары қолданыстағы тас жолда жүргізілуі керек.
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңның 60-бабының 1-тармағына сәйкес объектілер мен олардың кешендерінің құрылысы жобалық (жобалық-сметалық) құжаттама бойынша жүзеге асырылады.
Осы норманы бұза отырып, экономика бөлімі құрылыс жобасы жоқ жаңа тас жол салуға әрекеттенген. Ақтоғай ауданы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша бұл конкурс жойылды, – дейді облыстық прокуратура мамандары.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button