АймақЖаңалықтар

Ақтоғай ауданында жас буын өкілі алғаш дауыс берді

Ақтоғай ауданына қарасты Шашубай кентіндегі референдум учаскесінде алғаш рет дауыс беріп жатқан жастың бірі – Ардагүл Талғат. Жас буын өкілі ел болашағына қатысты маңызды саяси науқанға қатысып, өз таңдауын жасады.

Сурет автордан

Алғаш рет дауыс беру – әр азаматтың өміріндегі толқынысқа толы, жауапкершілігі мол ерекше сәт. Бұл – тек жеке таңдау ғана емес, ел ертеңіне деген сенім мен жауапкершіліктің белгісі. Ардагүл Талғатқызы үшін де бұл күн өміріндегі есте қаларлық маңызды кезеңдердің бірі болды. Ол референдум учаскесіне келіп, өз дауысын беріп, азаматтық ұстанымын айқын көрсетті.

– Әр қоғамдық өмірге белсене араласқан жас сайлаушының қадамы – елдің ертеңіне деген сенімнің көрінісі деп білемін. Себебі, елдің жарқын болашағы – білімді, белсенді әрі жауапкершілікті жастардың қолында. Жастар қашанда қоғам дамуының қозғаушы күші. Мен мемлекетіміздің тұрақты дамуы мен жарқын келешегі үшін дауыс бердім, – дейді Ардагүл Талғатқызы.

Нұрдос КӘРІМ
«Ortalyq Qazaqstan»

Ақтоғай ауданы

Басқа материалдар

Back to top button