АймақАқтоғайБас тақырып
Ақтоғай ауданында жаңа өрт сөндіру пункті ашылды
«Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында Қарағанды облысы Ақтоғай ауданына қарасты Ақтас ауылында жаңа өрт сөндіру пункті ашылды.

Салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Руслан Кенжебеков, ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев, сондай-ақ ауыл тұрғындары мен жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысты.
Өрт сөндіру пункті 500-ден астам халқы бар екі елді мекенге қызмет көрсетеді.
Жаңа нысанда тәуліктік кезекшілікке қолайлы барлық жағдай жасалған. Жуынуға арналған бөлме, демалыс бөлмесі, ас үй және қызметтік бөлмелері бар.
Бұл жоба ауылдық жерлердегі өрт қауіпсіздігін арттыруға және төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге бағытталған.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА