Ресми

Ақтоғай ауданында сайлаушылардың 74,26 пайызға жуығы сайлауға қатысты

Алғаш рет өткен аудан мен қала әкімдерінің сайлауы халқымыздың ғана емес, шартараптың назарын аударғаны белгілі. Партиялар да, тұрғындар да саяси доданың қорытынды нәтижесін асыға күтті. Ақтоғай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанболат Райымбековтің мәлімдеуінше, Ақтоғай ауданында 7779 адам дауыс берген.

– Ақтоғай ауданында әкім сайлауына байланысты 38 сайлау учаскесі талапқа сай жұмыс істеді. Сайлау учаскелерінде заң бұзушылық тіркелген жоқ. Аудан бойынша сайлау учаскелеріне барлығы 10 475 адам тіркелген. Қазіргі шығарылған қорытынды есеп бойынша дауыс берушілердің 74,26 пайызға жуығы келіп, өз таңдауын жасады, – деді Жанболат Райымбеков.

Нұрдос КӘРІМ.

Ақтоғай ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button