Жаңалықтар

Ақтоғай ауданында браконьерлер ұсталды

Ақтоғай ауданында түз тағысын рұқсатсыз аулаған браконьерлер ұсталды. “Нива шевролет” маркалы автокөлігін тізгіндеген 39 және 40 жастағы қос азамат жалған мемлекеттік нөмір қолданған. 

 

Автокөлікті ұстау барысында 3 аңның тушасы табылды. Ұсталғандарда оларды тасымалдауға рұқсат беретін құжат болмаған. Сондай-ақ, көліктен 12 калибрлі екі қару табылды. Қазір аталмыш факт бойынша ҚР ҚК 337 бабы бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. 

Басқа материалдар

Back to top button