АймақАқтоғай

Ақтоғай ауданында анықталған қаржылық бұзушылықтар толық жойылды

Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Ақтоғай ауданының бюджеттік бағдарламаларының төрт әкімшісінің және оларға бағынышты мекемелерінің қаржылық есептілігін жыл сайынғы тексеруін қорытындылады.

Сурет radar-c.ru

Тексерілген мекемелер активтерінің жалпы сомасы 3,4 млрд теңгені құрады.

Аудит нәтижесінде 90,9 млн теңгеге қаржылық бұзушылықтар, сондай-ақ 157,4 млн теңгеге заңнама талаптарына қайшы келетін қаржылық есептілікті жүргізу тәртібінің бұзылуы анықталды.

Оның 15,9 млн теңгесі өтелуге, ал 75,0 млн теңгесі қалпына келтіруге жатады.

Барлық анықталған бұзушылықтар жылдық қаржылық есептілік бекітілгенге дейін жойылды.

Мәселелер сапасыз бухгалтерлік есеппен, активтердің дұрыс жіктелмеуімен және әкімші басшылығының тиісті бақылауының болмауымен байланысты.

Басқа материалдар

Back to top button