АймақАқтоғайБас тақырыпБасты тақырып

Ақтоғайға алғашқы қар жауды

Қыркүйек айының соңынан Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде қар жауған. Орталық Қазақстанда да қыс белгілері байқала бастады. Ақтоғай ауданының кейбір елдімекендерінде алғашқы қар түсіп, таңғы көрініс аппақ ұлпаға оранды. Бұл – өңір тұрғындары үшін тосын құбылыс емес, дегенмен биылғы жылы қардың ерте түсуі көпшілікті таңғалдырды.

Сурет dp.vgorode.ua

Ақтоғай ауданына қарасты Сарытерек, Қуаныш, Жетімшоқы, Жалын ауылдарында қар жауғаны жайлы әлеуметтік желіде бейнекөрсетілімдер жарияланды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ауылдарға қансонарға ұласатын біршама омбы қар түскен.

Синоптиктердің мәліметінше, облыста ауа райы құбылмалы. Алдағы күндері ауа температурасы түнде -3°С-қа дейін төмендеуі мүмкін. Ал күндізгі уақытта ылғалды қар мен жаңбыр күтіледі. Сондықтан мамандар тұрғындарға жылы киініп, жолда барынша сақ болуға кеңес беруде.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button