АймақНұра

Ақ тілек ақтарылған күн

Биыл Қарқаралы ауданында құрылысы жалғасқан нысандардың бірі – Жаңатоған ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт. Осы аптада бұл ФАП та пайдалануға берілді.

Суреттер автордан

Жаңатоған – Қарқаралының түстігінде орналасқан елдімекендердің бірі. Қазір мұнда тұратын 565 адамның негізгі тіршілік көзі – мал шаруашылығы. Басы ауырып, балтыры сыздаған жергілікті жұрт алдымен медбике Мейіржан Сағымбекованың қызметіне жүгінеді. Жаңа ФАП оның жұмысына оң әсерін тигізетіні күмәнсіз.

Фельдшерлік-акушерлік пункттің ашылу рәсіміне келген тұрғындарды аудандық аурухананың директоры Елдос Мусин мен аудандық мәслихаттың депутаты Нұрлан Байтуллин құттықтап, ауыл шаруашылығында еңбек ететін адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауға мемлекет тарапынан бұдан әрі де қамқорлық жасала беретінін жеткізді.

Жаңа жыл қарсаңында есігін айқара ашқан мекеменің «Тұсау­кесер» рәсімін ауылдық округ әкімі Болатбек Мұсаханов пен аудандық мәслихаттың депутаты Нұрлан Байтуллин атқарып, елдің денсаулығы жолында қызмет жасайтын мекеме жерлестерінің көңілінен шығады деген үміттерін айтты. Заманауи талаптарға сай жабдықталған, сәулеті көз қуантатын ғимараттың есігі айқара ашылып, шашу шашылды.

Қуанышты іс-шараның құрметіне әжелердің «Айкүміс» ансамблі ән салып, жиналған жұртқа ақ дастарқан жайылды.

Ермек БАЛТАШҰЛЫ,
Қарқаралы ауданы
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button