Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады
Ақтау қаласының маңында жолаушылар ұшағы құлады. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ Бакудан Грозныйға қарай бет алған. Ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі.
Ұшақ құлаған орынға Қазақстан ТЖМ жеке құрамынан 52 адам және 11 техникасы барды. Олар өртті сөндіріп жатыр. Зардап шеккендер саны анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, аман қалғандар болуы мүмкін.
ТЖМ Командалық орталығында жедел ШТАБ құрылды, сенім телефоны: 8/7292/319099.
Қазақстан көлік министрлігі ұшақ апатына байланысты арнайы тергеу жүргізіледі деп хабарлады
– Ақтау қаласы маңында Баку-Грозный бағыты бойынша ұшып бара жатқан рейсті ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ Azerbaijan Airlines компаниясына тиесілі. Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр. Арнайы тергеу жүргізіледі, – деп жазылған министрліктің хабарламасында.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Видео: интернеттен алынды