ЖаңалықтарРесми

Ақтау кентінде алты қабатты тұрғын үй құрылысы басталады

Теміртау әкімінің тапсырмасымен Ақтау кентінде қала маңын абаттандыру жобасы аясында алты көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүзеге асырылмақ. Бүгінде құрылыс орны белгіленгенімен пәтер саны әзірге белгісіз.

— Үш және төрт қабатты үйлер болады. Бүгінгі күні жоспарланған құрылыс үшін жер учаскелері ресімделді. Үйлер 8-орамда, Спартак көшесінің бойындағы «Үйге арналған тауарлар» дүкенінің жанында салынады, — дейді Ақтау кенті әкімінің міндетін атқарушы Әнуарбек Бахриденов. 

Бүгінде кентте пәтер алу кезегінде жүзге жуық отбасы тұр. Осыған байланысты жергілікті билік бос тұрған көпқабатты үйлерді қалпына келтіруге шешім қабылдаған. Ақтауда осындай 14 үй бар. Мамандар қазірдің өзінде барлық қажетті сараптамаларды жүргізумен айналысуда. Ал, жаңадан салынатын алты үё кенттегі тұрғын үй мәселесін толығымен шешпейді. Сондай-ақ, келер жыл тозған су құбыры желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда. 

— Біз 8-орамның бойындағы су құбырына күрделі жөндеу жүргізуді жоспарлап отырмыз. Бұл 1,75 шақырым. Бүгінгі таңда бюджеттік өтінім берілді. Қаржыландыру жағдайында жұмыстар келесі жылы жүргізілетін болады, — деді Әнуарбек Бахриденов.

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button