Ресми
Қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қай ел азаматтары қатысқан?
Бас прокурор Берік Асылов қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде азаматтары қылмыс жасаған елдерді атады.

– Шетелдіктер де жаппай тәртіпсіздіктерге және басқа да қылмыстарға қатысты деген күдікті ретінде танылды. Олардың арасында Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстан азаматтары бар, – деді Асылов Мәжілісте сөйлеген сөзінде.
Ол ұсталғандар арасында деструктив діни ағымды ұстанатын сегіз адам бар екенін атап өтті.
Еске салайық, бүгін, 5 қаңтарда Мәжілісте бас прокурор Берік Асылов пен ішкі істер министрі Марат Ахметжанов қаңтар оқиғасына қатысты тергеудің барысы туралы есеп берді.