Бас тақырыпБілімЖаңалықтар

Қаңтардағы ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды

Қаңтар айындағы ҰБТ-ға өтініштер 22-30 желтоқсан аралығында қабылданады. Өтініш беру Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі. Тестілеу 2026 жылғы 10 қаңтар – 10 ақпан аралығында өтеді.

Сурет ru.freepik.com

Бұл тестілеуге келесі тұлғалар қатыса алады:

орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары;

шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданғандар;

өткен жылғы мектеп және колледж түлектері (толық оқыту нысанына);

ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар (қандастар);

шетелде білім алған бітіруші 11 (12) сынып оқушылары (Қазақстан Республикасының азаматтары);

Жоо-ға ақылы негізде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар;

ЖОО-ға ақылы негізде басқа білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және “Педагогикалық ғылымдар” білім беру саласы бойынша білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар.

Тестілеуге қатысу құны – 5 640 теңге.

Тестіленушілер ҰБТ-ға өтініш беру кезінде тестілеу өтетін пункті, күнді және уақытты өз еркі бойынша таңдайды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button